ОҚО әкімінің 26.06. 2001 ж. № 85 қаулысының шешімімен Облыстық балалар туберкулез санаториі "Газалкент" Кентау қаласына көшіріліп "Жансая" шипажайы 2001 жылы 10 қыркүйекте 100 төсек орын болып тіркелді. Ал 2004 жылдан 150 төсек орындыққа ұлғайтылды. Шипажайға 4-14 жас аралығындағы балалар қабылданып,жылына 600 бала туберкулез дертінен сауықтырылады. 10.05.2012 ж. ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен шипажайға, облысымыздың барлық аудандарынан туберкулездің белсенді емес түрлері, туберкулез науқасымен қатынастағы және Манту, Диаскентест сынамасы алғаш оң мәнді балалар химиопрофилактика еміне қабылданады.

     Шипажай ғимараты 4 қабатты, А және Б корпустарынан тұрады. Корпус А: 1 қабат – асхана, 2 қабат – 1 бекет (ұлдар) 7 - 9 жас, 3 қабат – 2 бекет (қыздар) 4 - 9 жас, 4 қабат – мектеп. Корпус Б: 1 қабат - әкімшілік, кітапхана, қол өнер үйірмесі, 2 қабат – 3 бекет (ұлдар) 4-7 жас, 3 қабат – 3 бекет (ұлдар) 10-14 жас, 4 қабат – 3 бекет (қыздар) 10-14 жас. Әр бекетте ем шара бөлмесі ойын және демалыс бөлмелері қарастырылған. Ғимаратта жатын бөлмелер, мектеп, кітапхана, 80 орындық асхана, сонымен қатар биохимия -клиникалық зертхана, стоматолог кабинеті, емдік дене шынықтыру, физиоем қабылдау , спортзал , қол өнер бөлмесі , автоклав,дезкамера, жұмыс істейді .

   Су мен канализациясы орталықтандырылған. Жылу жүйесі орталықтан - дырылған және резервте кіші қазандық бар, электр жүйелері де негізгі және резервті жүйесі бар.  

     Шипажай шатыры 2008ж қайта жабылып, жылу және канализация жүйелері, ғимарат қоршауы толығымен ауыстырылған. 2013 жылы шипажайда күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Қосымша монша және шаруашылық қоймалар іске қосылды. Шипажайдың материалдық - техникалық жағдайы нығайтылды. Балалардың жатын бөлмелері 2-3 орынды болып ауыстырылды.


Дәрігерлердің жұмыс уақыты

Т.Ә.Ж

Лауазымы

уақыт

1

АбдихановЕрланКалиханович

Бас дәрігер

09.00 – 18.00

2

АбилпасоваАйнурАбдрашевна

Бөлім меңгерушісі

09.00 – 17.20

3

БатыркуловаУлбикеЖумашевна

Дәрігерфтизиопедиатр

09.00 – 17.20

4

ТаукебаеваЛаззатНурмахановна

Дәрігерфтизиопедиатр

09.00 – 17.20

5

Сейдуалиева Толқын Нуралиевна

Дәрігерфтизиопедиатр

09.00 – 17.20


Байланыс сымтетіктері.

 ОҚО, Кентау қаласы, «Жансая» облыстық балалар туберкулезге қарсы шипажайы, Уалиханов к-сі 3а

 8 (72536) 3-80-55 бас дәрігер
8 (72536) 3-85-45 күзет
8 (72536) 3-85-55 қабылдау бөлімі
8 (72536) 3-85-35 есептеу бөлімі

 8 (72536) 5-90-11 есептеу бөлімі

 

 Электрондық пошта


 San_jansaja @mail.ru

 San_jansaya@rambler.ru

 Skypе: san_jansaya