Емдеу және тамақтану

 

ОҢАЛТУ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КӨЛЕМІ

Оңалту курсы 18 күнді құрайды, осы уақыт аралығында балалар оңалту жұмысының хаттамасына сәйкес оңалту іс-шараларының кешенін алады.

Қимыл-қозғалысында ауыр бұзылыстары бар науқасқа күтім жасауды жақсарту үшін, контрактураның алдын алу, әртүрлі этиологияның спастикасын жою мақсатында орталықта А түріндегі ботулотоксин инъекциясы (Диспорт) жүргізіледі.

 

ФИЗИОТЕРАПИЯЛЫҚ ЕМДЕУ

Көптеген неврологиялық ауруларда, балаларды медициналық оңалту кезінде физиотерапиялық әдістеремдеудің ажырамас бөлігі болып табылады.

Дәрілік электрофорез эуфилинмен, кальций, прозерин, бром және басқа да кейбір дәрілік құралдардың көмегімен көрсеткіштеріне байланысты жүргізіледі. Сонымен бірге ағзаға әрдайым электрлік тоқтың және оның көмегімен енгізілген дәрілік заттардың аралас ықпал етуі жүреді. Дәрілік электрофорездің әсер ету механизмі рефлекторлы және гуморальді ықпал етумен салынған: бір жағынан – терінің рецепторларын және басқа да ұлпаларды үнемі тоқпен тітіркендіру, екінші жағынан – дәрілік заттардың иондарымен.

 

Электроұйқы – орталық жүйке  жүйесіне тікелей әсері бар. Электроұйқы балаларға 3- 5 жастан бастап қолданылады. Электроұйқы

мидың қан айналымын жақсартуға үлкен әсері бар.

Емнің оң нәтіжесі болу үшін күнделікті 40 минуттан 10 сеанс жүргізіледі.  

 

 

 

 

 

Дарсонвализациялау  — бұл науқастың денесіне синусоидальді құбылмалы  тоқпен әсер ететін емдік ықпал ету.  Дарсонвализациялау седативті әсер етеді, артериялық қан қысымын қалыпқа келтіруге көмектеседі, терідегі зат алмау үрдістерін жақсартады.

 

 

 

 

 

 

 Магнитотерапия — Емделу уақыты 7 минуттан 8 күн. Төмен жиілікті ауыспалы магниттік өрісті емдік мақсатта пайдалану. Әдістің емдік тиімділігі  қабынуға қарсы, ісінуге қарсы және седативті трофикалық әрекет етуде айқын көрінеді, залалданған ұлпаның регенеративті үрдістерін күшейтуде ауыруды сезбейтін етуге ықпал етеді. Магниттік өріс  жақсы төзе алушылыққа ие, біртіндеп терапиялық тиімділікпен дамиды, «жұмсақ» әсер етеді.

 

 

 

 

 Жылумен емдеу — бұл озокеритті парфинмен емдеу. Парафинозокерит жылу және компрестік қабілетке ие. Ол қан жабдықтауды, ұлпалардағы зат алмасу үрдісін жақсартуға ықпал етеді және жоғары бұлшықет тонусын төмендетуге көмектеседі. Емдеу ем-шарасын зақымдалған аяқ, қол, саусақты қанмен жабдықтау және лимфаның айналымын жақсарту үшін және бұлшықет қысымын азайту үшін қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 Уқалау – адам денесіне берілетін механикалық тіркендіру, ағзаның бұлшықет жүйесіне жағымды әсер бар.

Барлық науқастарға қолмен уқалау жүргізіледі.

Уқалау уақыты 20 минуттан 10 күнге тағайындалады

 

 

 

 

 

 

ЕМДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ

 

 Емдік дене шынықтыру  мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеу мен кешенді оңалтудың басты құрамдас бөлігі болып табылады және ол балалардың барлық қимыл-қозғалысын үйлестіруге бағытталған, негізгі локомоторлықты тиімді қалыптастыру және статикалық қызметтер мен қимыл-қозғалыс қызметі жүйесін дамыту моториканың кемшілігін түзету оның мақсаты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ИППОТЕРАПИЯ

Емдік дене шынықтырудың ерекше формасы болып табылады, бірақ ЕДШ басқа формаларына қарағанда айырмашылығы бала атпен өзара әрекеттесіп емдеу үрдісіне бірге қатысады. Емдік-атпен жүруге қызығушылығы артады.

Аттың температурасы адамның денесінің температурасынан 1,5 градусқа жоғары. Жүріп бара жатқан аттың арқасының бұлшықет қозғалысы науқастың аяғының бұлшықетінің құрысуын уқалайды және қанайналымын күшейтіп қыздырады. Қанайналымның жақсаруы миды қанмен жабдықтыруды жақсартады. Сонымен бірге жұмысқа барлық бұлшықет топтары іске қосылады. Үнемі вестибулдық аппарат, кеңістікті бағдарлау жаттықтырылып, арқа мен аяқ, қол, саусақ, бармақ бастарының бұлшықеті нығаяды.

 

 

 

ОТТЕГІЛІ КОКТЕЙЛЬ

Оттегі метаболизмді қалпына келтіріп, қанайналымды, редоксидтік реакцияларды жақсартады, иммунитетті көтереді. Оттегі коктейлі организмді таза оттегімен қамтамасыз етеді, оны гипоксия мен оттегі аштығынан арытады, созылмалы шаршағандық симптомын, ұйқысыздықты жақсы емдейді, күйзеліс ахуалға қарсы күресте көмектеседі, миға жақсы қорек болып табылады және ақыл-ойға ұзақ уақыт жүк салмақ түскеннен кейін жақсы қалыпқп келтіреді. Оттегі коктейлдері орталық жүйке жүйесінің функционалды бұзылыстардан, гипотониядан, гипертониядан, күйзелісті емдеуге себеп болады.

 

 

  

 

 

Педагогикалық қызмет

   Оңалту орталығында педагогикалық түзету жұмыстарының алатын орны ерекше

Педогогикалық қызмет бөлімінде  психолог, логопед -дефектолог, монтессори, музыкатерапия, еңбек  терапиясы, тәрбие  мамандары  түзету- дамыту  сабақтарын  жүргізеді.

Психолог жеке және топтық сабақтар жүргізеді. Баланың зейінін, есте сақтау қабілетін  тұрақтандырамыз. Танымдық процестер жүргіземіз. Өзінің ойын толық айтуға әсер етеміз. 

Логопедия жалпы қабылданған әдістермен қатар білезік буын және білек аймағы, сөйлеу бұлшық етіне уқалау жүргізеді.

Дефектолог-  орталықта  ақыл есі төмен, қозғалысында ауытқулары бар балаларды емдеу, арнайы білім беру, түзетуге бағытталған көмек көрсету жүргізіледі.

Монтессори –орталықта балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту. Сонымен қатар өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету, ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру, өзіне керек материалды таңдау монтессори әдісінің басты мәселесі болып табылады. Яғни, монтессори педагогі осы бағыттар бойынша сабақ өткізу арқылы балалардың өмірге бейімделуін үйретеді.

Музыка терапия: Балалардың ақыл ой қабілетін белсендіретін құрал болып табылады

Еңбек терапиясы: Балаларды оңалтудың маңызды бөлігі болып табылады.  Науқас балаға күнделікті өмірде өзіне – өзі қызмет көрсете білуді үйретеді. Қалыпты өмір сүру үшін іс – қимылдарды орындау кезінде қажетті дағдыларды дамыту, қолдау  және қалпына келтіруді жүзеге асырады.

Тәрбие мамандары: Балалармен үнемі ойындар жүргізеді, серуендер, қимыл - қозғалыс ойындарымен бірге мерекелік іс – шараларды  ұйымдастырады.