Балалар демалысы

Балаларды сауықтыруда олардың көңілін көтерудің, уақыттарын ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Шипажай аумағында футбол, баскетбол, волейбол ойын алаңдары бар. Сонымен қатар  шипажайда 3 жаңа ойын алаңы іске қосылды:асық ойнау, жол жүру ережесін үйрену , «Достық » алаңы. Асық ойнау алаңы әсем безендіріліп, қызметкерлер көмегімен асықтар жиналып, ұлттық ойын түрлері дәріптелді.

 

 

 

Ал жол жүру ережесін үйрету алаңы 4-7 жас аралығындағы балаларға арналды. 12 дана аяқпен итеретін машиналар алынды, жол жолақтары, бағдаршам орнатылды. «Достық» алаңы 10 – 14 жас аралығындағы балаларға достық сыйластық, арман - тілек қағидаларын дәріптейтін алаң.

 

 

 

 Тәрбиешілер мен мұғалімдер көмегімен балаларға арналып мерекелік шаралар,қуыршақ театр қойылымдары, ертегілер еліне саяхат үнемі ұйымдастырылады. Мерекелік қойылымдарға арналып балалар шипажай қызметкерлерімен бірлесе сахналық қойылымдар дайындайды. Спорттық көңілді жарыстар ұйымдастыру кеңінен қолданылады. Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақты балаларға үйретіп, ойнатамыз. Теннис үстелі орнатылған,балалар түрлі спорт жабдықтарымен доптармен, секіргіштермен, бадминтон т.б қамтамасыз етілген.