МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК!

 

Файлдарды жүктеу:

 

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ [143 Kb] (cкачиваний: 1)

 

Буклет для населения

50 ВОПРОСОВ ОТ НАСЕЛЕНИЯ.doc [200 Kb] (cкачиваний: 0)

 100 вопросов и ответов 02.17 рус [307 Kb] (cкачиваний: 0)

 Месседжи ОСМС [94 Kb] (cкачиваний: 1)

 

         Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына өзгерістер енгізілді.

2019 жылы жарналар 1,5 пайыз мөлшерінде жұмыс берушілердің жалақысы есебінен төленеді. Егер адам ең төменгі жалақы мөлшерінен 10 еседен астам сомаға табыс алса, онда жарна төлемдері тек 10 ең төменгі жалақы бойынша табыста есептеледі.

Сондай-ақ, 2019 жылдың қаңтарынан бастап бірыңғай жиынтықтөлем (БЖТ) енгізілді. Оның ішінде, басқа әлеуметтік төлемдермен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарнасы да бар. Бұл төлем азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді. Бірыңғай жиынтық төлемді еңбек етіп жүрген, жалдамалы жұмысшылар еңбегін пайдаланбайтын, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін жеке тұлғалар төлейді. Төлем республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) болса, басқа елдімекендерде (ауыл, аудант.б.) 0,5 АЕК құрады. Айлық есептік көрсеткіш мөлшері бүгінгі таңда 2 мың 525 тенгені құрап отыр.

2020 жылдан бастап мемлекет азаматтардың 13 санатына сақтандыру жарнасын аудара бастайды, атапайтсақ:

  • балалар;
  • жұмыссыз ретінде ресми тіркелген адамдар;
  • жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
  • осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, үш жасқа толғанға дейін баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
  • жүктілігі мен босануына, жаңатуған баланы (балаларды) асырапалуға (бала асырапалуға) байланысты үш жасқа толғанға дейін күтім жасайтын адамдар;
  • мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;
  • зейнеткерлер, оның ішіндеҰлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
  • сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар;
  • тергеу изоляторларында отырғандар;
  • жұмыс істемейтін оралмандар;
  • «Алтын алқа», «Күмісалқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана», I және II дәрежелі «Анадаңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
  • мүгедектер;
  • орта, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқып жатқан тұлғалар;

2020 жылдан жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін өз есебінен 2%, жұмыс беруші жалақысынан 1% жарналарды Қорға аударады.

2020 жылдан жеке кәсіпкерлер ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5 % төлейді.

2020 жылдан төлемді өз бетінше төлейтін санат, яғни еңбек бир жасына тіркелмеген, жеке кәсіпкер ретінде ресми тіркеуі жоқ тұлғалар, ҚР аймағынан шығып шетелде жүрген азаматтар, еш санатқа жатпайтын басқа да жеке тұлғалар ай сайын 1 ең төменгі жалақының 5%-ын төлейді, бүгінгі таңда ең төменгі жалақы 42 500 тенгені құрап отыр.

2020 жылдан бастап азаматтық-құқықтық келісім шарттар бойынша жұмыс істейтін тұлғалар есептелген кірістің 1% -ын төлейді.

Міндетті әлеуметтік медициналық жүйе қосылған күннен бастап 2020 жылдан Қорға түскен қаржы сақтандыру шеңберінде көрсетілетін медициналық қызмет ақысын төленуге жұмсалатын болады.

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың денсаулығы үшін жоғары жауапкершілігін қамтамасыз етуге, сонымен қатар медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін, бірінші кезекте, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің әрі жеке медицинаның дамуы және медицина ұйымдары арасындағы бәсекелестіктің артуы есебінен жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Заң жобасына сәйкес азаматтарға медициналық қызмет пакеттерінің 2 түрі ұсынылатын болады:

Біріншісі

– базалық пакет, мұнда республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көпектің кепілдендірілген көлемі көрсетіледі. Бұл пакет Қазақстан азаматтарының барлығына қолжетімді болады. Көрсетілетін қызметтері: жедел көмек және санитариялық авиация, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен шұғыл жағдайлар кезінде көрсетілетін медициналық көмек, профилактикалық екпелер.

Өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтамасыз ететін тұрғындар үшін 2020 жылға дейін республикалық бюджет есебінен амбулаториялық-дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ете отырып, амбулаториялық-емханалық көмек көрсету қарастырылған.

Екінші – бұл қайта құрылған Медициналық сақтандыру қорынан көрсетілетін сақтандыру пакеті. Оған кіретін қызметтер: амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік маңызы бар ауруларды қоспағанда), стационардың орнын басатын көмек (әлеуметтік маңызы бар ауруларды қоспағанда), қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, паллиативті көмек және мейіргерлік күтім, жоғары технологиялық көмек.

Осы пакетті алу құқығы жарна төлейтін ҚР аумағында ҚР аумағында тұрақты түрде тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік азаматтарға беріледі.

Сонымен қатар мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін, ал жұмыс берушілер – жалданған жұмысшылар үшін жарна төлейтін болады. Жұмысшылар мен салық органдарында тіркелген әрі өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар – өздері үшін жарна төлейді.

Осы пакеттерге қосымша, ерікті сақтандыруға қатысқан азаматтар медициналық қызметті шарт негізінде ала алады.

Міндетті ай сайынға жарналарды шоғырландыру және медициналық қызметтерді сатып алу үшін ҚР ДСӘДМ Медициналық қызмет төлемдері комитетінің базасында коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық формасындағы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылатын болады. Қордың жалғыз акционері және құрылтайшысы ҚР Үкіметі болып табылады.

Ерекше санаттағы азаматтар (халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобы) үшін мемлекеттік жарна мөлшерлемесі орташа айлық жалақының 7% құрайды. Сонымен қатар мөлшерлеме көлемі кезең-кезеңімен жоғарылап отыратын болады: 2017 жылдан бастап 4%, 2018 жылдан бастап 5%, 2023 жылдан бастап 6%, 2024 жылдан бастап - 7%.

Жұмыс берушілердің жарналар мөлшерлемесінің жалпы көлемі табыстың 5% құрайды, сонымен қатар аударымдар 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3% , 2019 жылы 4% және 2020 жылы 5%-дан басталады. Аталған аударымдар корпоративті табыс салығын есептеу кезінде шегерілетінін есепке алатын болсақ, жұмыс берушілердің жүктемесі 2017 жылы – 1,6%, 2018 жылы – 2,4%, 2019 жылы – 3,2%, 2020 жылы – 4% құрайды.

Жұмысшылардың жарна мөлшерлемесі табысының 2% құрайды, сонымен қатар олапрдың аударымдары 2019 жылдан - 1%, 2020 жылдан - 2% басталады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтардың (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалар) жарна мөлшерлемесі табысының 7% құрайды. Сонымен қатар 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3% , 2019 жылы 5% және 2020 жылы - 7% құрайды. Мынаны баса айтқан орынды, пайыздардың жалпы сомасы 15 минималды еңбекақыдан артпайтын болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін жарналардан азаматтардың 15 санаты босатылады (халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобы):

  • балалар;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған көп балалы аналар және «Батыр ана» атағы бар аналар, сонымен қатар I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордені иегерлері;
  • ҰОС қатысушылары мен мүгедектері;
  • мүгедектер;
  • жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
  • интернатта оқитын және тәрбиеленетін тұлғалар;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беретін мекемелерде, сонымен қатар жоғары оқу орнынан кейінгі резидентурада күндізгі оқу түрінде оқитын тұлғалар;
  • бала тууына, бала асырап алуына, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста отырған тұлғалар;
  • жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, 3 жасқа дейінгі баласын тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін әйелдер;
  • зейнеткерлер;
  • әскери қызметкерлер;
  • арнайы мемлекеттік орган қызметкерлері;
  • құқық қорғау органы қызметкерлері;
  • сот үкімімен жазасын өтеп отырған тұлғалар лица, қауіпсіздігі төмен мекемелерді қоспағанда;
  • уақытша ұстау және тергеу изоляторларында жатқан тұлғалар.